«WhatsApp жұмысын тоқтатады»: Қазнетте тағы бір фейк тарады
Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілерде WhatsApp Қазақстанда жұмысын тоқтататыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақпаратты таратушы бұл туралы мектептерге ресми хабарлама жіберілгенін айтып отыр. Ал Білім және ғылым министрлігі мұндай хабарламаларды оқу орындарына немесе басқа жерге жібермегенін түсіндірді.
Министрлік мұндай ақпаратты білім беру ұйымдарына жібермеген. Біз әлеуметтік желілерде және Білім және ғылым министрлігінің сайтында білім және ғылым саласындағы барлық өзекті және сенімді ақпараттар мен жаңалықтарды жариялаймыз.Білім және ғылым министрлігі
Мессенджер Қазақстан аумағында қолжетімсіз болып қалады деуге негіз жоқ.
Мемлекеттік органдардың ресми сайттарында да, бұқаралық ақпарат құралдарында да мұндай хабарламалар болған жоқ, - делінген Stopfake.kz хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript