Бейнеқоңыру арқылы онлайн-несие рәсімдеу – Қазнетте тағы фейк тарады

Жалған ақпарат, алаяқтық, несие, бейнеқоңырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 17:20 Сурет: pexels
Әлеуметтік желіде алаяқтар туралы ақпарат тарады. Онда бейтаныс нөмірден түскен бейнеқоңырауға жауап берген кез келген адамға онлайн-несие рәсімделетіні айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хабарламаға сенсек, камераны қосқан кезде алаяқтар жауап берушінің жүзін "сканерлеп", оның атынан онлайн несие рәсімдейді.

Сондай-ақ, ақпаратта "Ұлытау облысында мұндай видеоқоңыраулардан зардап шеккендер өте көп" екені жазылған.

Сурет: скриншот

Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Мұндай алаяқтық жағдайлар тіркелген жоқ”, – деп хабарлады Ұлытау облысының полиция департаменті.

Демек, таралған хабарламаға сенбеген жөн, деп жазды StopFake.kz.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: