Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде мектепке дейінгі жастағы балаларды вакцинациялау заңмен міндеттеледі

itc.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2019 15:32 itc.ua
Бұл жай заң емес, бұл елдің болашақ денсаулығы туралы заң. Мамандардың дерегінше, вакцинациядан бас тартатындар көп жағдайда жалған, негізсіз ақпараттың жетегінде кеткендер - министр.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды вакцинациялау заңмен міндеттеледі. Себебі, Денсаулық сақтау министрі биыл қызылша дертінен көз жұмғандардың барлығы дерлік вирусқа қарсы екпе жасамаған деген дерек келтірді, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Кодекстегі бір ғана түзету 6 рет қоғамдық талқылаудан өтіп, 43 мемлекеттік мекеме түзету ұсынған. Қырық жамау болған кодекс трансплантация мен вакцинацияның төңірегінде әңгіме өрбіткен жиында тағы талқыға түсті. Талқылай бергені сол еді, жиылған жұрттың арасында екпенің пайдасын көрем деп, баласынан айрылған ананың сөзі отырыстың ауанын өзгертіп жіберді", - дейді телеарна тілшісі.

- Мен міндетті екпеге түбегейлі қарсымын. Қазіргі уақытта бұл ұстанымымды барлық жерде айтып, халықаралық сарапшылармен байланысқа шығамын. Себебі, біздің шенеуніктер мен ақша қуған дәрігерлерге сенуден қалдым.

Келіншектің шырқырайтын жөні бар. Екі жасар баласы екпеден соң көз жұмған. Шарқ ұрған ананың тауы шағылып, министрдің алдында жағдайын айтудан басқа лажы қалмапты. Алайда министр Біртанов "бізбен байланысқа шығып, хат жолдаңыз" дегеннен басқа жөнді жауап қата алмай, ақталған кейіпте әңгімелерін вакцинацияның пайдасы жағына ойыстырып жіберді. Келтірілген деректерге сенсек, биылға 21 вирусқа қарсы екпе жасауға 26 миллиард теңге бөлінген.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Әрбір көтерілген мәселе – маңызды. Бұл жай мәселе емес. Бізге де, осы бүгінгі жиналысқа қатысып отырған әріптестерімізге, парламент депутаттарына. Бұл елдің денсаулығын арттыруға атқарылып жатқан жұмыс. Бұл жай заң емес, бұл елдің болашақ денсаулығы туралы заң. Мамандардың дерегінше, вакцинациядан бас тартатындар көп жағдайда жалған, негізсіз ақпараттың жетегінде кеткендер.

"Екпелерге қатысты теріс көзқарасты қалыптастырудың өзі қолдан қасақана жасалған амал", - дейді еліміздің Бас санитар дәрігері.

Жандарбек Бекшин, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Екпеге қарсы компанияға үлкен фармкомпаниялардың тізгінін ұстаған адамдар арнайы тапсырыс береді. Мұндай деректердің халықаралық деңгейде 57 пайызы дәлелденген. Неге десеңіздер, екпенің арқасында талай вирустық дерттің алдын алуға болады. Бұл дәр-дәрмектің саудасы тоқырайды деген сөз.

Ресми деректер бойынша, қызылша дертінен, биыл 21 адам көз жұмған. Соның 19-на аталған вирусқа қарсы екпе жасалмаған боп шықты. Қызылшадан қайтыс болғандардың басым көпшілігі – балалар. Сондықтан жаңа кодекс бойынша енді мектепке дейінгі жастағы балаларды вакцинациялау міндетті талап болмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: