Еңбек адамы – өз ісінің шебері

Еңбек адамы – өз ісінің шебері, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2025 16:03 Сурет: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК
Қазақстанда 2025 жыл Еңбек мамандықтары жылы деп жарияланды. Бұл – жай ғана символ емес, күн сайын тер төгіп, еңбегі көп жағдайда көзге көрінбейтін, бірақ бәріміздің өмірімізге тікелей әсер ететін адамдарға деген құрметтің белгісі.

Ал, биыл алғаш рет қазан айының соңғы жексенбісінде елімізде автожол саласы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Бұл – инженерлер, техниктер, механиктер, зертхана мамандары, жүргізушілер мен жол инфрақұрылымының дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген барша еңбек етіп жүрген жандардың кәсіби мерекесі.

Осындай адамдардың – "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" ұжымында да көп. Дәл осы мамандардың еңбегінің арқасында еліміздің жолдарымен миллиондаған азамат еркін қатынайды, қызметтер үздіксіз жұмыс істейді, жүктер діттеген жеріне жеткізіледі. Олар – жол сапасы мен қауіпсіздігінің тірегі, білімі мен тәжірибесін дәлелденген кісіби мамандар.

Орталықта инженерлермен бірге зертхана қызметкерлері, техниктер, механиктер мен қызмет көрсетуші мамандар да еңбек етеді. Олардың әрқайсысы – ел қозғалысын қамтамасыз етіп жүрген, еңбектің нағыз адамдары.

Сурет: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК

Аман Бұғыбай – сынақ зертханасының сарапшысы.

Бір қарағанда бұл – кәдімгі зертхана сияқты: асфальт үлгілері, кестелер, құрылғылар. Бірақ мұнда қабылданған әр шешім жолдың талай шақырымының сапасына әсер етуі мүмкін. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" сынақ зертханасының сарапшысы Аман Бұғыбай күн сайын ондаған сынамамен жұмыс істейді.

"Күн сайын біз әртүрлі учаскелерден келген 50-ден астам сынаманы тексереміз. 200-ге жуық түрлі сынақ өткіземіз. Бұл – үлкен жауапкершілік, өйткені біздің деректерге тек жол жабынының сапасы ғана емес, адамдардың қауіпсіздігі де байланысты", – дейді ол.

Аман – Ақмола облысының тумасы. Бұл мамандықты ол әкесінің жолын үлгі тұтып таңдаған. Бүгінде заманауи әдістемелерді меңгерген, біліктілігін ұдайы жетілдіріп жүрген жоғары санатты маман. Оның басты мақсаты – әр қазақстандықтың қауіпсіз әрі сапалы жолда жүруін қамтамасыз ету.

Сурет: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК

Жәнібек Бижанов – тәртіп пен жылуға жауапты адам

Сапа орталығында барлық жұмыс сағат тілімен жүргендей жүйелі. Оның артында – 30 жылдан астам тәжірибесі бар жұмысшы, саланың ардагері Жәнібек Бижанов тұр. Ол орталықтың жылу мен суды үздіксіз жеткізуіне, техникалық қызмет көрсету мен қыс кезінде қардың дер кезінде тазалануына жауап береді.

"Жолдардың сапалы әрі қауіпсіз болуына үлес қосып жүрген команда мүшесі болғаныма қуаныштымын", – дейді ол.

Жәнібек Бижановтың еңбегі көзге көп көрінбеді, бірақ онсыз "Жол активтері сапасының ұлттық орталыңының" бір күні өтпейді. Ол – инженерлер мен сарапшылардың жұмысы тоқтап қалмауы үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген, еңбек майданының көзге көрінбейтін қаһарманы.

Сурет: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК

Станислав Ковтун – алтынға татыр инженер

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" инженер-технигі Станислав Ковтун – ел жолдарының жағдайын бақылайтын жоғары технологиялы жылжымалы жол зертханасының жұмысына жауапты қызметкер.

"Менің міндетім тек зертхананы күтіп ұстау емес, оның мүмкіндігін үнемі жетілдіріп отыру", – дейді ол.

Станислав көлік колледжі мен ШҚМТУ-дың "автомобиль жасау" мамандығын тәмамдаған. Бұған дейін республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысында еңбек еткен. Қазір ол– орталықтағы ең тәжірибелі инженерлердің бірі. Оның еңбегінің арқасында жылжымалы зертхана жыл сайын республика бойынша 20 мың шақырымға жуық жолды тексеруден өткізеді.

Жол саласы – болашақтың мамандығы

Жол салу – тек асфальт төсеу емес. Бұл – инженерия мен механика, талдау мен жобалау, цифрландыруды қамтитын күрделі сала. Ең бастысы – өз ісіне құрметпен қарап, еңбегінің нәтижесімен шын мақтана алатын адамдардың кәсібі.

Көрінбейтін, бірақ бәрі сезінетін жұмыс

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" еліміздің 20 өңірінде жұмыс істейді, жол желісінің 100 пайызын қамтиды. Жыл сайын 20 мың шақырымнан астам автожолға диагностика жүргізіледі. Бұл жұмыстар жаңалықтарда айтылмайды, әлеуметтік желіде көзге түспейді. Бірақ дәл осы еңбексіз – қауіпсіз жол да, логистика да, ел қозғалысы да мүмкін емес.

Сурет: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК

Миллиондаған қазақстандықтар сапар шегіп, жұмыс істеп, жүк тасып жүрген сәтте – жолдар осы еңбек адамдарының арқасында қызмет етіп тұр. Еңбек мамандықтары жылы мен автожол саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында еңбегі көзге көрінбесе де, маңызы зор жандарға алғыс айту – ерекше маңызды.

Аман Бұғыбай, Жанна Молдакимова, Жәнібек Бижанов, Станислав Ковтун – өз ісінің нағыз майталмандары, адалдық пен жоғары кәсібиліктің символы. Олардың еңбегі – қазақстандық жолдардың қауіпсіздігі мен жайлылығының іргетасы.

Осында жандар елді берік, инфрақұрылымын сенімдірек, ал болашағымызды айқын ете түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: