Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда оқушы қашуға мәжбүр болған интернаттың директоры қызметінен босатылды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2019 22:07 Pixabay
15 жасар Дамирді волонтерлер бүкіл қаладан бір апта бойына іздеді.

12 желтоқсанда Алматыда Н.Островский атындағы №4 зағип және нашар көретін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттан оқушы қашып кетіп, із-түссіз жоғалған. Баланы іздеу кезінде бұл мектеп туралы жағымсыз фактілер айтыла бастады. Ал бала табылған соң ол асылып өлмек болғанын, интернетта жәбір көруші өзінің жалғыз емес екенін айтты. Нәтижесінде, бүгін, 24 желтоқсанда, Алматы қалалық білім басқармасы осы мектептің директорының жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Н.Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатының директоры Р.Б.Нұрахметов қызметінен босатылды, делінеді басқарма хабарламасында.

15 жасар Дамирді волонтерлер бүкіл қаладан бір апта бойына іздеді. Ол жоғалар алдында анасына хат жазып, WhatsApp арқылы жолдаған. Онда оқушы мектепте бәрі өзінен аулақ ұстап, ешкім сөйлеспейтінін айтқан. Себебі ол мектептегі былық-шылыққа көнбей, бас көтерген. Оны әпкесінен үйінен тауып алды.

- Осының бәрін мен ойлап тапты деп айтып жатыр. Содан кейін де кеттім ғой, маған ешкім сенбейді. Мектептен қашып кеттім. Басында өз-өзіме қол салмақ болдым, бірақ асылатын орын таба алмадым. Барлық жер жабық, - дейді Н.Островский атындағы №4 соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаттың оқушысы Дамир Серікұлы.

Дамир Серікұлының айтуынша, ол интернатта таяқ жеп жүрген жалғыз бала емес. Басқа зорлық-зомбылық құрбандарының аузын жауып, дымын шығартпайды. Оларға интернат қабырғасында болып жатқанды ешкімге айтқызбайды. Сондықтан балалар омбудсмені көмегіне жүгінген оқушы білім ордасының басшылығын ауыстыруын сұраған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: