Шымкентте ер адам мас күйінде бөтен көлікті айдап кеткен

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2026 17:26 Фото: Zakon.kz
Шымкенттік тұрғын мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз бөтен көлікті айдап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласында полицейлер болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды. Кезекші бөлімге қала тұрғынынан автокөліктің ұрланғаны туралы хабарлама түскен.

Іздестірілген көлік көп ұзамай қала көшелерінің бірінен анықталып, тоқтатылды. Тексеру барысында көлік тізгінінде арызданушының туысы отырғаны белгілі болды. Ол автокөлікті мас күйде әрі жүргізуші куәлігінсіз басқарған.

Сонымен қатар құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған.

Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде қауіпті жағдай дер кезінде тоқтатылып, көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

"Аталған дерек бойынша көлік құралын заңсыз иелену фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды",- деп мәлімдеді полицейлер.

Бұған дейін Көкшетауда мотоцикл жүргізушісінен ірі көлемде есірткі тәркіленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: