Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа жылға дайындықта қыруар қаржы жұмсамаған ШҚО бюджеттің 30 млн теңгесін үнемдеді

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2019 23:07 Хабар 24
Телеарнаның мәліметінше, былтырғы жылы облыс орталығы 19 миллион теңгеге 4 жасанды шырша сатып алған.

Өскеменнің орталық алаңы мен мұз алаңдарында былтырдан бастап жасанды шырша қойылатын болған. Қала әкімдігі осы арқылы бюджет ақшасын үнемдеп қана қоймай, табиғи шыршаларды аман сақтап қалып отырмыз дейді. Бұл туралы Zakon.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, былтырғы жылы облыс орталығы 19 миллион теңгеге 4 жасанды шырша сатып алған.

Олардың ең үлкенінің биіктігі – 30 метрді құрап, ол облыс бюджетіне 14 миллион теңгеге шыққан. Десе де жасанды шырша мен былтыр сол ақшаға алынған ойыншықтар мен гирляндылар биыл да әкімдік кәдесіне жараған.
Осылайша шенділер табиғи шыршаларды жоюдың алдын алып қана қоймай, жаңа жылға дайындық жұмысына кететін қаражаттың 30 млн теңгесін үнемдедік дейді.

Сондай-ақ мерекелік безендіруге кететін шығынның тағы бір бөлігін жергілікті кәсіпкерлер өз мойнына алған.

- Біз жаңа жылға арналған түнгі безендіру бойынша байқау жарияладық. Біз осы байқау аясында біздің кәсіпкерлер, дүкендер мен жеке кәсіпкерлерді қаланы безендіру жұмысына тартпақпыз. Былайша айтқанда тұрғындарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйламақпыз. Бір жағынан бұл бастама қаланы сәндеп қана қоймай, бізге мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді, - дейді әкімдік өкілдері.

Айта кетейік, өткен аптада биылғы жылы елімізде жаңа жылдық безендіруге қанша қаражат жұмсалатыны анықталған еді.

Қазақстан облыстары бойынша мерекелік безендіруге ең көп ақша жұмсайтын өңір қатарында– Ақтөбе облысы көш бастаған болатын. Ондағы шенділер жаңа жылдық безендіруге бюджеттен 100 млн теңгеге дейін ақша жұмсауды қарастырған.

Ел астанасы – Нұр-Сұлтан жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсайтынын мәлімдемесе де, өткен аптада елдің бас шыршасы "ЭКСПО" көрмесі аумағында жағылған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: