Жаңалықтар тізбегі
0

Алаяққа сенген Ақтөбе тұрғыны 19 млн теңгесінен қағылды

Алаяққа сенген Ақтөбе тұрғыны 19 млн теңгесінен қағылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2024 19:36 Сурет: polisia.kz
Шілде айында Ақтөбе қаласындағы мекемелердің бірінің басшысы телефон-алаяқтарының арбауына түсіп, 19 миллион теңгеге қарызға кірген.

Ақтөбелік әйелдің телефонына белгісіз адамдар WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, өздерін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ұлттық банктің және полиция департаментінің қызметкерлері ретінде таныстырған.

Қоңырау шалушылар жәбірленушіге оның атына алаяқтар түрлі банктерден 10 онлайн-несие рәсімделгенін және олардың күшін жою үшін  өз атына бірнеше несие рәсімдеу қажеттігін айтқан. Әйел қоңырау шалушылардың барлық шарттарын орындап, қаладағы 3 банктен өз атына 14 миллион теңгеге жуық сомаға несие рәсімдеген. Сонымен қатар жақын туыстарынан 5 жарым миллион теңге қарыз алған. Әрі қарай жалпы сомасы 19 миллион теңгеден асатын ақшаны алаяқтар көрсеткен банктік шоттарға аударған. Екі күннен кейін ғана алаяқтарға алданып, қарызға батқанын түсінген жәбірленуші полицияға арызданды.

"Құзырлы мекеме қызметкерлері WhatsApp мессенджері арқылы қоңырау шалмайтынын, жеке деректеріңізді және телефонға ешқандай қосымша бағдарламалар жүктеуді сұрамайтынын және өз аттарыңызға несие рәсімдеп, аударып жіберуді талап етпейтінін азаматтардың тағы да есіне саламыз".Ақтөбе облысы ПД киберпол бөлімінің басшысы Галина Стырличук
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: