Ақтөбеде алаяққа сенген зейнеткер 24 млн теңгесінен айырылды
Сурет: zakon.kz
66 жастағы ақтөбелік зейнеткер өзінің жылжымайтын мүлкі мен барлық қаражатынан айырылды, деп жазады Zakon.kz.
Шілде айында өзін банк қызметкері деп таныстырған белгісіз ер адам зейнеткерге қоңырау шалды.
Алаяқ мұндай операцияны әдеттегідей жүйедегі процесс деп түсіндіріп, жәбірленушіге банктік шотын алаяқтардан қауіпсіздендіруді ұсынды.
Күдікті зейнеткерден барлық жинақтарын депозиттен көрсетілген қауіпсіз шотқа аударуды сұрады.
Кейіннен алаяқ жалған мүлікті сатудың басқа ұсынысымен қоңырау шалған, нәтижесінде жәбірленуші 24 млн теңгеден астам қаражатын жоғалтты.
ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript