Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Ипотекалық борыштарды қолдауға арналған түзетулер қосымша қаражатты талап етпейді

Түзетулер валюталы ипотекалық борыштарды қайта қаржыландыру мерзімін 2020 жылдың 31желтоқсанына дейін ұзартты.

Сурет : Нацбанк РК25 Желтоқсан 2019, 19:21

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына енген өзгертулер мен толықтырлар күшіне енеді. Осы мәселеге қатысты қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департамент директоры Александр Терентьев пікір білдірді.

Оның айтуынша, мемлекет бұл өзгерістерге қосымша қаржы бөлмейді. Жеңілдік беру туралы шешімді несие берген банк жан-жақты анализден кейін ғана қабылдайды.

- Ең алдымен, бұл түзетулер халықтың әлеуметтік аз қамтылған өкілдерін қолдауға бағытталған. Олардың қатарында көп балалы аналар, мүгедек бала асырап отырған балалар,мүгедек адамдар,толық емес отбасылар бар. Өмірде әртүрлі жағдай болады, адамдар асыраушысынан айырылады немесе мүгедек болып қалады. Осы жағдайлардан кейін олар үшін қарыз төлеу қиынға соғады. Сондықтан, бұл өзгерістер өте қиын жағдайда қалған адамдарды ғана қолдауға бағытталған,-дейді Терентьев.

Жалғыз мүлкі қарыз бойынша міндетін орындау үшін банктің балансына өтіп кеткен адамдарға да қолдау көрсетіледі. Банктің балансында тұрған баспананы қарыз алушының жекеменшігіне қайтару мақсатында қаржы институттарына борышкерді қаржыландыру немесе оған баспананы сатып алу мүмкіндігімен жалға беру ұсынылды.

- Қаржыландыруға тоқталсақ, мемлекеттен қосымша қаржы бөлінбейді. Ипотекасы бар борышкерлерді қолдаудың бұл шаралары ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін осының алдында бөлінген қаражат аясында жүзеге асады. Қаражат банктердің жинақтарына орналастырылып, келісімшарт бекіткен мерзім аяқталған соң,Ұлттық банкке қайтарылады,-деді Ұлттық банктің өкілі.

Түзетулер валюталы ипотекалық борыштарды қайта қаржыландыру мерзімін 2020 жылдың 31желтоқсанына дейін ұзартты. Бұл дегеніміз валюталы ипотекалық борыштары бар адамдар 2020 жылдың 15 желтоқсанына дейін несие берген банктеріне жүгінуі керек деген сөз.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер