Жаңалықтар тізбегі
0

Халық ашынып кетті: Түркістанда үйді ішіндегі дүние-мүлкімен қоса сүріп тастады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2019 22:36 видеодан алынды
Қалалық сот "үйді сүру туралы" шешімді үй иесінің сыртынан шығарған.

Кеше Yutoob желісінде "қақаған қыста бізді сыртқа шығарып, үйімді сүргелі жатыр" деп шырылдаған түркістандық ер адамның видеосы пайда болған. Видеода сол үйдің баласы үстіне бензин құйып, өзін өртемек те болады. Бүгін оңтүстіктегі заңгер Айгүл Орынбек ол кісілерге барып, жағдайды білді. Өкінішке қарай, баспана ішіндегі дүниесімен қоса сүріліп кетіпті, деп хабарлайды zakon.kz.

Заңгердің Facebook арқылы тікелей эфирден жүргізген видеода үй иесі: "Бұл бізді басынғандық, кісі құрлы көрмеу", - дейді. Өйткені кеше көршісі атышулы заңгер әрі блогер Руслан Жанпейісовті шақырған екен, сот орындаушыларынан бастап әкімдік қызметкерлеріне дейін тым-тырақай қашып кетіпті.

"Сүрдіртпеді, ана бала заңды жақсы біледі екен, ал бізде сондай қолдайтын адам болмады, міне сүріп кетті, ішінде дүние-мүлкім де кетті", - дейді алты баласымен қақаған қыста далада қалған әйел.

Түсінгеніміз, Түркістан қаласында мешіт орналасқан аудандағы жер телімдерін мемлекет өз балансына алып жатыр.

"2018 жылдың қазан айынан бастап "үйіңіз сүруге жатады" деген әкімдіктен қағаз келді. Содан бері бізден маза кетті. Үйді сүру туралы шешімді сот менің сыртымнан шығарып жіберді. Өйткені ол кезде мен Ташкентте ауруханада жатқанмын жүрегіммен. Оны алдын ала ескерткенмін өздеріне, соған қарамастан шешім шығарған сыртымнан. Қалалық сот - Бекботаев Абай деген. Сөйтіп Алматыдан бағалаушы жігітті шақыртқан. Ол 12 млн 993 мың теңге деп үйімді бағалаған. Бұл - жер телімінің құны ғана. Сонда үйдің басына неге ақша төленбейді деп, содан келіспедік олардың ұсынысына. Сотқа бердік өздерін, сыртымыздан шешім шығарғаны үшін. Міне, сол сот әлі жүріп жатыр, аяқталған жоқ, соған қарамастан үйімді сүріп кетті. Бір күн бұрын "ертең сүреміз" деген ескерту қағаз келді. Бірақ айттық, сот әлі аяқталған жоқ қой, оның үстіне аяқ-асты біз қайда барамыз, баратын жеріміз жоқ дедік", - дейді әйел.

Әйел өз сұқбатында үйінді астында қалған дүниесін де видеоға түсіріп алғанын айтады. Тоңазытқыш, теледидар, төсек-орын - бәрі кетті!

"Ақыры бізді шығарған екенсіңдер, жарайды енді дүние-мүлкімізді жинап алайық дегенде, "біз шетін ғана бұзамыз, алаң болмаңыздар" деген. Бір айналып келсек, бәрін сүріп тастапты. Дүниемнің барлығы үйіндінің астында қалды, видеосы да бар оның", - дейді ашынған әйел.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: