Жаңалықтар тізбегі
0

Көктөбедегі ойын алаңында болған оқыс оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2020 18:15 Pixabay
Зардап шеккен жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Алматыда Көк Төбедегі ойын алаңында жасөспірім биіктен құлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда ер адамның "Керме ағашқа" байлап, керіп тұрып қоя бергенде жіп үзіліп, оның биіктен құлап, аяқ-қолы сынып ауруханаға түскені айтылады.

- Кеше Көк-Төбеде "Керме ағаш" аттракционында адам биіктен құлап түсті ... ... Менің көз алдымда. Ұшу кезінде 5 метрден ол ұшып кетті, деп жазды Тимур Жаркенов facebook-тегі парақшасында.

- Алматыда Көк-Төбеде "Керме ағаш" аттракционында арқаны үзіліп, бір бала ұшып кетті. Баланы жедел жәрдем көлігі алып кетті. Оның аяқ-қолдары сынған. Бұл туралы әлеуметтік желіде куәгерлер жазып жатыр. Бірақ ресми БАҚ үнсіз отыр, деп хабарлайды JEXENNEWS телеграммалық арнасы.

Алматы қалалық полициясы "каркас батут" деп аталатын аттракционда оқыс оқиға болғанын растады.

2006 жылы туылған бала батутқа секіріп жүрген, жанында бір әйел болды, ол үнемі балаға мұқият болуды өтінді. Бірақ ол бәрібір құлап, аяғын сындырып, басын жарған. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы баланы жедел медициналық көмек бригадасы Алматыдағы балалар шұғыл көмек орталығына жеткізгенін хабарлады. Дәрігерлер баланы қарап шықты. Ол барлық қажетті медициналық көмекті толық көлемде алады. Баланың жағдайы тұрақты.

Зардап шеккен баланың туыстары шағымдары жоқ екенін, өйткені бұл өздерінің немқұрайлылығы салдарынан болғанын айтқан. Шағымның болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастауға да негіз жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: