Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысында 4 жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2018 20:25 www.inform.kz
Зардап шеккен балалар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды облысының Абай қаласында төрт жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 маусым күні Абай қаласында ата-анасының қарауынсыз қалып қойған 4 жасар ұл бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен», - деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, 5 маусым күні Балқаш қаласында екінші қабаттың балконынан абайсызда 2016 жылы дүниеге келген қыз бала құлап кетті. Осыған ұқсас оқиға Бұқар Жырау ауданының Алғабас ауылында да болған. Шаруашылық мақсатындағы биіктігі 2-3 метр болатын ғимараттан 10 жасар қыз бала құлап кеткен.

Зардап шеккен балалар әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Мекемеде мәлім еткендей, өткен 2017 жылы облыс бойынша балалардың терезеден құлауына қатысты 20 оқиға тіркелген.

Төтенше жағдайлар департаментіндегілер ата-аналарды жаз мезгілінде мұқият болуға және қарапайым қауіпсіздік шараларын

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: