Жаңалықтар тізбегі
0

Интернатта баланың соққыға жығылуы туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

tengrinews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2018 18:34 tengrinews.kz
Ақтөбеде арнайы интернаттың тәрбиешісі шәкіртін соққыға жыққан.

Жайсаң арнайы білім беру ұйымының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс сотқа берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақыл-есі кем балаға зорлық-зомбылық көрсетілгені туралы құқық қорғаушы, "Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Әлима Әбдірова Facebook парақшасында жазған болатын. Оның сөзіне сүйенсек, тәрбиеші шәкіртін өлімші етіп сабаған, алайда директор бұл жайтқа көз жұма қарапты.

Ведомство хабарлағандай, құқық қорғаушы Әлима Әбдірованың арнайы интернатта баланың соққыға жығылуы туралы арызы 2018 жылдың 21 ақпанында прокуратураға түскен. Келесі күні Мәртүк АІІБ сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылдың 15 ақпанында түскі ас кезінде мекеме тәрбиешісі асханада 2003 жылы туған шәкіртін өзге оқушымен төбелескені үшін ұрып жіберген.

Тергеуді облыс прокуратурасы бақылауына алды.

Мекеме тәрбиешісі – Мәртүк ауданы Жайсаң ауылының 27 жастағы тұрғыны күдікті деп танылды.

Тергеу нәтижесі бойынша, 1 наурызда қылмыстық іс облыстың жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: