Алматы орталығында жүргізілген арнайы операция туралы жаңа деректер белгілі болды
Zakon.kz
Көлікті тінту кезінде автомат, оның оқшантайы және 7,62 калибрлі жарқылдап дыбыс шығаратын бос 30 оқ пен аңшы пышағы, оқ өтпейтін жилет тәркіленді.
Алматы ішкі істер департаменті қала ортасында жүргізілген арнайы операция туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Zakon.kz.
«12 қараша күні сағат 23-00 шамасында Алматы қаласы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаменті қызметкерлері Бостандық ауданы аумағында екі адамды қолға түсірді. Арнайы операция кезінде қолға түскендер 1994 және 1969 жылы туған Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Олардың көлігін тінту кезінде автомат, оның оқшантайы және 7,62 калибрлі жарқылдап дыбыс шығаратын бос 30 оқ пен аңшы пышағы, оқ өтпейтін жилет тәркіленді. Ұсталғандардың бұған дейін нашақорлық, алаяқтық әрекет пен заңсыз қару сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды», - делінген хабарламада.
ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған оқиға сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай жүйесіне тіркелді. Жедел-тергеу тобы күдіктілердің қаруды не үшін алып жүргенін, сондай-ақ тағы өзге қылмыстарға қатыстылығын анықтайтын болады.
Еске сала кетейік, кеше Алматыда арнайы операция барысында екі күдікті қолға түскен болатын.
Фото: Facebook
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript