Жаңалықтар тізбегі
0

ҰҚК мен ІІМ бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы операция өткізді

ҚР ҰҚК, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 15:26 ҚР ҰҚК
Тінту барысында олардан 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық оқ-дәрілер тәркіленді.

2020 жылғы 27 мамырда ҚР ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған.

Екі ҰҚТ-ның белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық оқ-дәрілер тәркіленді.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 15:26

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 15:26, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2020 15:26

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: