Алматы облысында арнайы операция кезінде есірткі зертханасы жойылды
Сурет: polisia.kz
7 қаңтарда Алматы облысында арнайы операция өтті. Полицейлер есірткіге арналған жерасты зертханасын анықтап, оның ұйымдастырушысын ұстады, зертханадан 30 келі мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, арнайы операцияны Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК бірлесіп жүргізген.
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, есірткі зертханасының ұйымдастырушысы синтетикалық препараттардың ауқымды өндірісін жолға қойған. Тінту кезінде барлығы 30 келі мефедрон және есірткі өндіруге арналған бір тоннадан астам химиялық реагенттер табылып, тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript