Жамбыл облысында жүргізілген арнайы операция кезінде 6 адам ұсталды
Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы арнайы операция жүргізілді. Топ мүшелері аса ірі көлемде героин сатумен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
30 қарашада қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту кезінде олардан 1 келі 280 грамм героин, сондай-ақ гашиш, марихуана және синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript