Нұр-Сұлтанда арнайы операция өтті

арнайы операция өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2022 13:00 Сурет: Zakon.kz
Полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының аумағына аса ірі көлемде есірткі заттарын жеткізіп, сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордаға кіре берісте Қарағанды-Нұр-Сұлтан тас жолында 36 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Тойота Эстима» автокөлігі ұсталып, оның салонынан салмағы 16 келіден асатын гашиш табылып, тәркіленді. Сондай-ақ көлікте қылмыстық топтың 23 жастағы ұйымдастырушысы мен 20 жастағы сыбайласы болған.

Күдіктілер есірткіні Шудан әкеліп, елордада өткізуді көздеген. Бұл дәрінің қара нарықтағы бағасы 16 миллион теңге болар еді. Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ, арнайы операция барысында полицейлер 27 жастағы жүргізуші басқарған «Тойота Камри 50» автокөлігін тас жолда тоқтатып, жеке тінту барысында одан гашиш тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі «Есірткі құралдарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын дайындау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: