Нұр-Сұлтанда арнайы операция өтті
Сурет: Zakon.kz
Нұр-Сұлтанда есірткі жеткізу және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оңтүстік облыстардан есірткі тасымалдауды ұйымдастырушы және негізгі жеткізуші ұсталды. Олардың көліктерінен шамамен 28 келі гашиш тәркіленді.
Сотталушының барлық қылмыстық байланыстарын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді, оның барысында ұйымдастырушының нұсқауы бойынша қылмыстық топтың тағы төрт мүшесі ұсталды, олар басқа әрекеттермен қатар тауарларды күтіп алып, буып-түю және сақтау орнына жеткізген. Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі
Ұсталғандардың тұрғылықты жерін тінту кезінде тағы 9 келі гашиш тәркіленді.
Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 10 мың бір реттік есірткі дозасы тәркіленді, оның бағасы қара нарықтағы бөлшек саудадан 45 миллион теңгеден асады. Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы «Ұйымдасқан топ құру және басқару, сол сияқты оған қатысу» бойынша және ҚК-нің 297-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Кінәсі дәлелденсе, мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript