Мейрам Бегентаев Торайғыров атындағы ПМУ ректоры болды

Баспасөз қызметі Баспасөз қызметі
Ол 2019 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының міндетін атқарушы болған.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева төрағалық еткен комиссия ұсынысымен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры болып Мейрам Мұхаметрақымұлы Бегентаевты тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшыны ұжымға ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Ержан Іргебаев таныстырды.

Мейрам Мұхаметрақымұлы әр жылдары жауапты жетекшілік лауазымдарда қызмет етті. С. Торайғыров атындағы ПМУ стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметін атқарды. 2012-2016 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол, сонымен қатар, Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының міндетін атқарды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз