Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Алматыдағы ботаникалық бақ Экология министрлігінің балансына өтті

Алматы қаласындағы ботаникалық бақты қайта құрылымдау 2018 жылы басталды.

Сурет : BNews.kz13 Қаңтар 2020, 16:29

ҚР Үкіметінің қаулысымен Алматыдағы ботаникалық бақ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің балансына берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №951 Қаулысымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ботаника және фитоинтродукция институты (Бас ботаникалық бақ)" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағына берілді", - деп жазды Комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.

Алматы қаласындағы ботаникалық бақты қайта құрылымдау 2018 жылы басталды. Жобаның басты мақсаты - мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін бақшаға кіруде қол жетімділік пен жайлылықты қамтамасыз ету, дендрология, ботаника және фитоинтродукция саласындағы қазақстандық ғалымдардың жетістіктерін көрсету.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер