Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы үлкен жол айрығының құрылысы 2019 жылы аяқталады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2018 16:44 ҚазАқпарат
2018 жылы Палладин, Боралдай, Қожамияров көшелеріне магистарлды газ құбырлары тартылады.

Алматыда Жансүгіров-Сейфуллин жол айрығы 2019 жылы пайдалануға беріледі. Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Мұхтар Тәжібаев халықпен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сейфуллин Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы жол айрығы құрылысы 2019 жылға дейін жалғасады. Назарбаев даңғылын Жансүгіров көшесіне дейін созу жұмыстары 2018 жылы желтоқсанда аяқталады», - деді Мұхтар Тәжібаев.

Айта кету керек, «Сейфуллин-Жансүгіров» жол айрығы жобасының құрылысы 2015 жылы басталуы тиіс болған еді. Алайда қала билігі қаржының жетіспеушілігі себебінен бұл жобаны 2 жылға кейін шегеріп қойды.

Сондай-ақ, Алматыда Первомайский шағын ауданында жеке амбулаториялық пункт ашылады.

«Қазір бұл жерде инженерлік желілердің барлығы тексеріліп жатыр. Қалалық энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы инженерлік желілерді қайта жөндеудің жобалық сметалық құжаттамасын жасап жатыр. Одан соң мемлекеттік сараптама тағайындалып, бюджетке бекіту туралы өтінім беріледі. Бөлінетін қаржыға байланысты су, кәріз желілері, абаттандыру жұмыстары қолға алынады», - деді әкімдіктен.

Аудан әкімінің айтуынша, 2018 жылы Палладин, Боралдай, Қожамияров көшелеріне магистарлды газ құбырлары тартылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: