Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы

ontustik.gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2017 15:45 ontustik.gov.kz
Құрылысы жоспарланған 233 нысанның, жыл соңына дейін 115-ін пайдалануға тапсыру жоспарланса, 118 нысан 2018 жылға қалдырылады.

2017 жылы облыс аумағында облыстық құрылыс және аудан, қала әкімдіктері тапсырысшы болып табылатын 233 инвестициялық жобаның іске асырылуына 66,2 млрд.теңге қаралған, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Құрылысы жоспарланған 233 нысанның, жыл соңына дейін 115-ін пайдалануға тапсыру жоспарланса, 118 нысан 2018 жылға қалдырылады. Жыл басынан жалпы 101 нысан пайдалануға берілген, қалған 14 нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарда.

Әлеуметтік нысандар құрылысы

Білім беру саласына жалпы 82 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізуге 29,8 млрд. теңге бағытталған, оның ішінде:
Ұлттық қордан – «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 35 мектеп құрылысын жүргізуге 16,1 млрд.теңге қаралған. Пайдалануға беруге жоспарланған 20 мектептің, бүгінгі күнге 18 мектеп құрылысы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін жалпы қуаттылығы 1800 орындықты құрайтын 2 мектеп құрылысын пайдалануға беру жоспарда. Қалған 15 мектеп 2018 жылға өтпелі.

Республикалық бюджеттен қаралған 4,2 млрд. теңгеге 4 мектеп, 1 мектеп-интернат құрылысы жүргізілуде. Мектеп-интернатты 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Облыстық бюджеттен қарастырылған 9,5 млрд. теңгеге 39 мектеп, 3 колледж құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 12 мектеп құрылысын пайдалануға беру жоспарланып, бүгінгі күнге 10 мектеп пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін 2 мектеп пайдалануға беру жоспарда. Жалпы 30 нысан құрылысы 2018 жылға өтпелі.

Денсаулық сақтау саласына ОБ қаралған 3,7 млрд. теңгеге 38 нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп, 33 нысанды пайдалануға беру жоспарланып, 30 нысан пайдалануға берілген. 3 нысан жыл соңына дейін тапсырылады. Қалған 4 емхана мен 1 дәрігерлік амбулатория құрылысы 2018 жылға өтпелі.

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша 1 нысанға облыстық бюджеттен 104,7 млн. теңге қаралып, а.ж. шілде айында пайдалануға берілді. Ішкі істер органдар объектілерін дамытуға облыстық бюджеттен 82,3 млн. теңгеге 1 нысан құрылысын жүргізіп, 2018 жылы пайдалануға беру жоспарда.

Мәдениет саласына облыстық бюджеттен қаралған 434,8 млн. теңгеге 4 нысан құрылысын жүргізіліп, бүгінгі күнге 1 нысан пайдалануға берілсе, 1 нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Қалған 2 нысан құрылысы 2018 жылға өтпелі.

Спорт саласына облыстық бюджеттен қаралған 1 374,5 млн. теңгеге 3 нысан құрылысын жүргізіп, 2018 жылы пайдалануға беру жоспарда.

Ауыл шаруашылығы саласында облыстық бюджет есебінен 332,8 млн. теңгеге 1 су қойманың құрылысы жүргізіліп, а.ж. қараша айында пайдалануға тапсырылды.

Абаттандыру саласында облыстық бюджеттен қаралған 365,3 млн.теңгеге 2 нысан құрылысын жүргізіп, 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

2017 жылы Түркістан қ. мұрағат ғимаратының құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 100,0 млн.тг. қаралған. Нысан 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша облыстық бюджеттен қаралған 172,2 млн. теңгеге 1 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, а.ж. мамыр айында пайдалануға берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: