Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Нысан спорт саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады және көпфункционалды кешен болмақ. Делегация құрамында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ құрылыс компаниясының өкілдері болды.
Оқу орнының құрылысы Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізіліп жатыр.
"Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның бір бөлігі пайдалануға берілді. Бірінші кезең аясында колледждің оқу ғимараты, 500 орындық жатақхана, трибунаның астындағы бөлмелер, жабық жеңіл атлетикалық манеж, бассейн және көпфункционалды кешен қарастырылған",- делінген ақпаратта.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Екінші кезең аясында ғылыми-зерттеу орталығы бар университет ғимаратын, 1 мың орындық жатақхананы, медициналық-сауықтыру орталығын, оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусын және стадионды пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.
"Тексеру қорытындысы бойынша вице-премьер спорт нысанына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен жеткізу желілерін тарту жөнінде тиісті тапсырмалар берді".ҚР Туризм және спорт министрлігі
Бұған дейін БҚО-да бірнеше көліктен ұрлық жасаған тұрғын ұсталғанын хабарланған болатын.