Роман Скляр Астанада салынып жатқан нысандарды аралап шықты
Олар аралаған бірінші нысан құрылысы жүріп жатқан Ұлттық спорт университеті болды, оны 2025 жылы аяқтау жоспарланған. ЖОО-ны іске қосу кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге де ықпал етеді.
Сурет: primeminister.kz
Сурет: primeminister.kz
Сонымен қатар 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында спорт нысандарына барды.
Сурет: primeminister.kz
Сондай-ақ Премьер-министрдің бірінші орынбасарын спорт нысандарының инфрақұрылымын дайындау, кірме жолдарды қамтамасыз ететін негізгі магистральдарды жөндеу және іс-шаралар өткізілетін аумақтарды абаттандыру жұмыстары туралы хабардар етті.
Бұған "Қазанат" ипподромын, оған кіреберіс жолды кеңейту, трибуналарды күрделі жөндеу, ат қоралар салу, көкпар алаңдары және т.б. кіреді. Сондай-ақ "Астана-Арена", "Алау" және "Барыс Арена" мұз сарайларының іргелес аумақтарын кешенді абаттандыру жұмысы тексерілді.
Айта кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ҚР Ұлттық мұражайы, Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, "Думан" қонақ үйі және "Қазақстан" жеңіл атлетика спорт кешені аумағында өтеді.