Роман Скляр жаңа жылу-электр орталығы мен шыны зауытына барды

Роман скляр жаңа жылу-электр орталығы мен шыны зауытына барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 16:57 Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа жылу-электр орталығының құрылыс барысымен және шыны зауытының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауының арқасында бүгінде өңірдің энергетика саласының даму қарқыны жоғары.

Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы бой көтеріп келеді. Бүгінде инвестор "Акса Энерджи" түрік компаниясы құрылысқа 127 млрд. теңгеден астам инвестиция салды. Жаңа жылу-электр орталығы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған ең ауқымды, теңдесіз жобалардың бірі.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ол іске қосылғанда өңірдің электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Өндірілген электр энергиясының бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік туады. Өңір үшін айрықша маңызға ие нысан биыл ел игілігіне табысталады.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Orda Glass Ltd" ЖШС шыны зауытындағы жаңа желінің жұмысы да қарқынды. Зауытта жылына 197,1 мың тонна шыны өндіріліп, Ресей Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға экспортталады. Бүгінде онда 366 маман жұмыс істейді, оның 269-ы – қазақстандық, 97-сі – шетелдік.

Өткен жылы шыны зауыты ішінен энергия үнемдейтін шыны өндірісінің жаңа желісі іске қосылған болатын. Қытайлық инвестор алдағы уақытта 2 кезеңге жоспарланған жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Бірінші кезеңде, яғни 2026 жылы жылына 200 мың тонна кварц құмын өңдейтін цех, екінші кезең – 2028 жылы тәулігіне 500 тонна күн фотоэлектрлік шыны өндірісі ашылады.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, облыста негізгі капиталға 640 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім 21,7 пайыз болды. Оның 70,5 пайызы – жеке инвестиция. Шетел инвесторларымен жүргізілген жұмыстардың арқасында 2024 жылдың 9 айында 171 млн. доллар тікелей инвестиция тартылды.

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Экономиканы әртараптандыру мақсатында өткен жылы 37 млрд. теңгенің 21 инвестициялық жобасы жүзеге асты. 2025-2029 жылдарға 1 трлн. 900 млрд. теңгенің 65 инвестициялық жобасы межеленген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: