Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Сергектен" түскен ақша жекенің қалтасына кетеді" деген сыбыс рас па?

Бұл жоба мемлекет пен жеке компаниялардың арасындағы байланысты арттыру аясында жүзеге асқан.

Сурет : Виктор Абакумов14 Қаңтар 2020, 11:39

Алматыға "Сергек" орнатылғалы сергелдеңге түскен көлік жүргізушілері үшін полиция департаментінің өкілдері арнайы баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда қойылған камералардың арқасында бір жыл ішінде адам өлімі бірден екі есеге бір-ақ азайған.

Алматылықтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында қала бойынша биыл тағы 400 "Сергек" фотовидеобақылау камералары іске қосылды. Бұл жоба мемлекет пен жеке компаниялардың арасындағы байланысты арттыру аясында жүзеге асқан.

Алматыдағы аппараттық-бағдарламалық кешендер мынадай жол-көлік оқиғаларын түсіріп алады, олар:

- жылдамдықты асыру;

- бағдаршамның тыйым салған дыбысын елемеу;

- жолақ талабын бұзу, тоқтау желісінен өту;

- қоғамдық көлікке бөлінген жолаққа шығып кету.

Бұлардан өзге, "Сергек" жүйесі жаяу жүргіншілердің реттелмеген өтпелі жолдарын бақылайды.

Жандос Мұраталиев халық арасында кері пікір тудырған, яғни айыппұл жекенің қалтасына түседі деген пікірге жауап берді. Оның айтуынша әкімшілік айыппұлдардың әр тиыны мемлекеттік бюджетке аударылады.

"Әкімшілік айыппұлдардың барлығы мемлекет бюджетіне түседі. Түскен қаражаттың барлығы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына жұмсалуда. Біз жол көлік оқиғалары жиі болатын жерлерге мониторинг жүргізіп "Сергек" кешенін орнату туралы шешім қабылдаймыз. Мұнда азаматтардың ұсыныстары да ескерілді. Қала тұрғындарынан осы күнге дейін 30 мыңнан астам ұсыныс түсті",- деді Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы, Жандос МҰРАТӘЛИЕВ.

Оқи отырыңыз: "Сергек" белдік тақпағандар мен телефонмен сөйлескендерге айыппұл сала ма?


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер