АҚШ-тағы митинг кезінде Қазақстан азаматының қаза тапқаны рас па - ҚР СІМ жауабы

Sandy Huffaker / Reuters, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2020 17:07 Sandy Huffaker / Reuters
ҚР СІМ бұл ақпараттың расталмағынын жеткізді.

Кейбір әлеуметтік желілерде АҚШ-тағы жаппай наразылық акциялары кезінде бір қазақстандықтың қаза тапқаны туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тағы наразылық акцияларын тарату кезінде бір қазақстандық қаза тапқан көрінеді. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, Нью-Йорктегі наразылық акцияларына тойтарыс берілгенде бір қазақстандық қаза тапқан. Бұл ақпарат қазақстандық мигранттардың Whatsapp чаттарында тарады, деп хабарлайды qaznews.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың расталмағанын хабарлады.

- Бізге келіп түскен мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тағы митингтерде қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - дейді ведомствадағылар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: