Қырғызстанда қазақстандық азаматтың қаза тапқаны рас - ҚР СІМ
www.inform.kz
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Скрябин мұздығының аумағында бір топ туристер тас көшкінінің астында қалып қойған еді.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы тас көшкіні кезінде қазақстандық азаматтың қаза тапқаны туралы деректі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мерт болған адам - Қазақстан азаматы. Тағы бір адам ауыр халде жатыр», - деді агенттіктің тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
ҚР СІМ-де мәлім еткендей, қазақстандық тікұшақ туристерді эвакуациялауға дайын, алайда күн бұлтты болғандықтан, оқиға орнына қона алмайды.
«Бәлкім, ертең таңертең бұлт сейілгенде эвакуациялауды бастайтын болармыз , - деді баспасөз қызметінің өкілі.
Еске салайық, Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Скрябин мұздығының аумағында бір топ туристер тас көшкінінің астында қалып қойған еді.
Зардап шеккендердің ішінде Қазақстанның төрт азаматы бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript