Атырау облысында адамдар отырған көлік қар құрсауында қалып қойды

Атырау облысында адамдар отырған көлік қар құрсауында қалып қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2026 13:40 Сурет: видео скрині
112 пультіне Атырау қаласынан 25 шақырым жерде "Атырау – Астрахань" автожолында адамдар отырған көлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел түрде аттанды. Оқиға орнына келген кезде жеңіл автокөліктің қар құрсауында қалып қойғаны, көлікте 2 адам болғаны анықталды.

Лебедканың көмегімен көлік қар құрсауынан шығарылып, қауіпсіз жерге дейін жеткізілді. Эвакуацияланғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

"Тұрғындардан жолға шығар алдында ауа райын ескеріп, тас жолдарда қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз".Төтенше жағдайлар министрлігі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: