Кореядағы қайғылы оқиға кезінде ақтөбелік студент қыз қаза тапқан – ҚР СІМ
Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың арасында 1996 жылғы Ақтөбе облысының тумасы табылды. Ол Корея Республикасының жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған.
Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланысқа шығып, құжаттарды ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға одан әрі жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетуге дайын. ҚР СІМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, Сеулде көптеген ойын-сауық орындары орналасқан Итэвон аймағындағы тар көшемен жылжыған топ адамдар есінен танып, кейбірі аяқ астында қалып кеткен.
Шұғыл қызмет қаза тапқандар саны 151-ге дейін артқанын мәлімдеді.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Ұлттық аза тұту күнін жариялады.
Сеул қаласындағы қайғылы оқиғаның салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Оңтүстік Кореядағы ҚР елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды.