Сеулдегі трагедия: Кореядағы ҚР елшілігінің бөлімі тәулік бойына жұмыс істеп жатыр
Сурет: pixabay
Сеул қаласындағы қайғылы оқиғаның салдарынан, соңғы мәліметтер бойынша, 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Оңтүстік Кореядағы ҚР елшілігінің консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды. Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға хабарласып жатыр.
Қазіргі уақытта зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ, делінген хабарламада.
Консулдық бөлім жанындағы жедел штабтың шұғыл байланыс желілері: +82 2 379-9714, +82 2 394-9716; +82 10 6682 2992, +82 10 6542 7771; электронды пошта: seoul@mfa.kz
Айта кетсек, Сеулде көптеген ойын-сауық орындары орналасқан Итэвон аймағындағы тар көшемен жылжыған топ адамдар есінен танып, кейбірі аяқ астында қалып кеткен.
Шұғыл қызмет қаза тапқандар саны 151-ге дейін артқанын мәлімдеді.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль Ұлттық аза тұту күнін жариялады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript