Ижевск мектебіне жасалған қарулы шабуыл: қаза тапқандар саны 15-ке жетті

Қайғылы жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 19:57 Сурет: pixabay
26 қыркүйекте Ресейдің Ижевск қаласындағы мектепте белгісіз ер адам жан-жағына оқ жаудырды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың 11-і - оқушы, одан бөлек тағы 24 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ижевскі мектебіндегі атыс салдарынан қаза тапқандардың саны 15-ке жетті, оның 11-і - оқушы, одан бөлек тағы 24 адам зардап шекті, деп жазады РИА Новости.

Бұған дейін хабарланғандай, сабақ болып жатқан уақытта үстіне қара киім киген белгісіз ер адам мектепке баса-көктеп кіріп, жан-жағына оқ жаудырған.

Кейін оқ жаудырған ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Қолда бар мәліметтер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: