Жаңалықтар тізбегі
0

Шамалған, Қаскелең, Ұзынағаштан Алматыға келетін жолдарға блок-бекеттер қойылғаны рас па?

ҚР ІІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2020 18:21 ҚР ІІМ
Бұл сауалға облыстық әкімдік пен облыстық полиция департаменті жауап берді.

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласы мен облыс арасындағы шекараларға блок-бекеттер қойылғаны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы zakon.kz тілшісіне Алматы облысы әкімдігі мен облыстық полиция департаменті хабарлады.

Әлеуметтік желілерде белгісіз адамдар Алматы облысының периметрі бойынша әскерилер қойылған блок-бекеттер пайда болғаны туралы ақпараттар таратуда. Олар Алматыдан Шамалған, Қаскелең және Ұзынағашқа апаратын жолдарда орнатылған делінеді хабарламада. Осы мәселеге түсінік алу үшін zakon.kz тілшісі Алматы облысының әкімдігі мен облыстық ПД баспасөз қызметіне ресми сауалмен жүгінді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Алматы облысының әкімдігі бұл фактіні ресми түрде жоққа шығарады. Аймақтың периметрі бойынша ешқандай жол кедергілері орнатылмайды. Сонымен қатар, Алматы облысының коронавирустың таралуына қарсы тұру жөніндегі видомствааралық комиссия да мұндай мәселені қарастырған жоқ, - деді ол.

Дәл осындай жауап облыстық ПД баспасөз қызметінен алынды.

Біз бұл ақпаратты растамаймыз. Қазіргі уақытта Алматы облысында полиция бекеттері еш жерде орнатылмаған, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алдында коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ведомтсааралық комиссия шешіміне сәйкес, Алматы облысында блок-бекеттер қайта қойылмайтындығы хабарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: