Жаңалықтар тізбегі
0

Күн суықта автобусқа кіре алмай жүрген балаларға қатысты видеоның мән-жайы белгілі болды

Федеральное агентство новостей / Константин Терехов, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2020 22:59 Федеральное агентство новостей / Константин Терехов
Завучтың айтуынша, бұл видео арандату үшін әдейі түсірілген.

Әлеуметтік желіде автобусты айнала жүгіріп, ішіне кіре алмай жүрген оқушы балалардың видеосы тарады, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Видеода мектеп автобусына кіре алмаған балалар оны шыр айналып жүгіріп, іште отырған шопырдан есікті ашуды сұрайды. Жүргізуші болса, бірдеңені шұқылап, балалардың өтінішін елемейді.

"Видеода біздің - Астана қаласындағы №69 мектеп-гимназиясының автобустары. Менің балаларым да күн суықта жүргізушілер автобусқа отырғызбай қоятынына талай шағымданған. Бұл дұрыс па? Мүмкін мектеп әкімшілігі бұл мәселеге назар аударатын шығар", - делінген видео сипаттамасында.

№ 69 мектептің әкімшілігі мұның бірер күн бұрын кешкі уақытта болғанын түсіндірді.

Мектеп завучы Жұлдыз Рахметова балалардың кесте бойынша сабақтан сыртқа ойнап келуге шыққанын айтады.

"Балалар мұғалімнің рұқсатымен сыртқа дем алуға шыққан. Ешкім оларды мектептен қуып шыққан жоқ. Біз қайтатын балаларды әрдайым ертіп шығып, бірінші қабаттан қадағалаймыз", - деді ол.

Завучтың айтуынша, бұл видео арандату үшін әдейі түсірілген.

"Видеоны түсіріп жатқан ер адам олардан айқайлауын сұрайды. Бұл видеоны түсірген адам оны мақсатты түрде жасады деп ойлаймын", - деді ол.

Осы жайттан соң ата-аналар балаларымен бірге мектепке жиналысқа шақырылған.

"Ата-аналар бұл оқиғаға қатысты шағымдары жоқ екенін ауызша айтып әрі жазбаша да қолхат қалдырды", - деді Жұлдыз Рахметова.

Сөз соңында ол автобус жүргізушісі жеке іспен шұғылданбағанын атап өтті.

"Олар маршруттарды талқылау үшін телефон арқылы жиналыс өткізді. Балалардың қауіпсіздігі үшін бәріміз алаңдаймыз", - деді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: