Жаңалықтар тізбегі
0

Атышулы видеоға қатысты комиссия зертханаға барып, дәлел затты таппай қалған

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2019 18:51 видеодан алынды
Мамандардың айтуынша, бұл заттарды біреулер медициналық ұйымға сырттан әдейі алып келген.

Өткен аптада әлеуметтік желілерде Шымкенттегі балалар ауруханасының зертханасында түсірілген видео жарияланып, елдің наразылығын туғызған. Онда медицина қызметкерлері жарамдылық мерзімі өткен заттарды әлі қолданып жүргендерін айтқан. "Антибиотиктерге сезімталдық, бактериялардың болуы сынды зертхана нәтижелері - жалған, оны қолмен ойша жаза салған", - дейді зертхана қызметкері видеода. "Бұл науқастардың алатын ем сапасына әсер етуі мүмкін" деп шулады желідегілер. Міне, осы видеодан соң бірден комиссия құрылып, бұл зертханаға тексеру жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасындағылар сол комиссия қортындысын Zakon.kz-ке ұсынды.

- Бірден Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Тимур Варзиловтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына тоғыз білікті маман кірді. Олар 10 мен 14 қазан аралығында тексеру жүргізді. Мамандардың айтуынша, видеода көрсетілген дәрі сауыттары емдік дәрі болып табылмайды, яғни науқастарды емдемейді онымен. Бұл бактерияларды зерттеуге арналған қоректік заттар, - деп атап өтті ведомстводағылар.

Сонымен бірге видеода көрсетілген бактериологиялық зертханасындағы заттар аурухана базасында мүлде тіркелмегені анықталды. Мамандардың айтуынша, бұл заттарды біреулер медициналық ұйымға сырттан әдейі алып келген. Қазір құзырлы органдардың өкілдері тексеру жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: "Шыдамадым...". Желідегі атышулы видео Шымкент зертханасында түсіріліпті

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тимур Варзилов видеода көрсетілген қоректік заттың не екенін нақтылап түсіндірді. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол адам ағзасының белгілі бір антибиотиктерге сезімталдығын анықтауға арналған биологиялық зат екен.

Сонымен бірге, тексеру кезінде видеода көрсетілген сауыттар зертханадан табылмаған. Тимур Варзилов ондай қоректік заттардың тұтынысы өте шектеулі, ондай қалада 4-5 бактерологиялық зертхана бар. Яғни, тексеру қоғамды дүрліктірген видеодағы сауыттардың бұл ауруханада тіркелмегенін көрсетті. Дегенмен комиссия тексеріс кезінде зертхананың бірқатар кемшілігін анықтады.

- Біз зертхана жұмысындағы бірқатар бұзушылықтарды анықтадық. Ол қызмет көрсету сапасына байланысты. Егер науқасқа сапалы деңгейде тексеру жүргізілмесе және зертхана тексерусіз қорытынды берсе, әрине бұл науқастың емделу сапасына әсер етеді. Науқасты антибиотикпен емдеу әдісін таңдау үшін зертхана нәтижесі алынады алдымен. Бірақ оның сапасы нашар. Комиссиядағылардың да зерттеу сапасына қатысты күмәндері бар, сондықтан бұл фактіні қағазға тіркедік.

"Біз, басқармадағылар, анықталған заң бұзушылықтарға байланысты шара қолданамыз. Атап айтқанда, бас дәрігер мен зертхана басшысына қарсы шара қолданылады. Олар біздің ескертпелеріміз негізінде жұмыс жасап, барлығын жөндеуі керек", - деп түсіндірді Варзилов.

Сонымен бірге ол желіде тараған видеоға қатысты екі тарапқа да күмән келтіретінін айтты: зертханаға және видеоны түсірушілерге де.

- Қоректік заттар аурухана зертханасы қызметкерлерінің қолына қалай түскен? Ол өзі қайда, үйлеріне алып кеткен бе? Оны зертханадан тыс жерге алып шығуға ешкімнің құқығы жоқ. Оларды суретке түсірсін, видеоға жазсын, бірақ оны сыртқа әкетуге ешкімнің құқығы жоқ. Заң бәріне бірдей. Мұндағы таблетка немесе шприц, кез келген затты әкетуге болмайды, бұл - ұрлық, - деп қорытындылады сөзін Варзилов.

Енді қазір істі тексеруді прокуратура, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті және басқа да құзыретті органдар қолға алды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: