Жаңалықтар тізбегі
0

ЕАЭO көліктерін тіркеу қашан басталатыны айтылды

Ақ Жайық, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2020 18:04 Ақ Жайық
Ішкі істер министрлігі халыққа заңсыз көлігін тіркеу мүмкіндігін ұсыну үшін алдымен дайындық жұмыстарын жүргізбек.

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ЕАЭО елдерінен кіргізілген автокөліктерді қашаннан бастап тіркетуге болатынын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

– Халық тіркеу тәртібін дұрыс түсінбей қалмауы үшін және ХҚО-ларда түсінбеушіліктер орын алмау үшін біз дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Азаматтар өз автокөліктерін заңдастыра алуы үшін үлкен мерзім беріледі. Тіркеу шамамен ақпан айында басталып, кедендік және тіркеу төлемдері үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін мерзім беріледі, – деді Түсіпов.

Оның сөзінше, министрлік азаматтарға сатып алған автокөліктерін заңдастыру үшін барлық құжаттарын дайындауға қажетті уақыт беруді шешті.

Дәл қазір тіркеу науқаны әлі басталған жоқ, өйткені заңдарыстыруға құжаттар ұсыну тетігі әлі дайын емес.

– Соңғы екі-үш жыл бойы біз жыл сайын ЕАЭО елдерінен жеткізілген 40 мыңға жуық көлік құралын тіркеп келеміз, олар еш қиындықсыз тіркеуге алынуда. Төленетін сомалары салық заңдарында нақты көрсетілген, ол бәріне бірдей. Мемлекеттік тіркеу нөмірі мен тіркеу куәлігі үшін шамамен 10 мың теңге кетеді және алғашқы тіркеу үшін көліктің шыққан жылына байланысты 600 мың теңгеден бастап миллион теңгеден сәл асатын сомаға дейін төлеу қажет, – деп түсіндірді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: