Президент БАӘ-нің ірі бизнес өкілімен кездесті

Ақорда Ақорда
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді серіктестерінің бірі екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Абу Даби Әмірлігін билеуші әулеттің өкілі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі бизнес өкілі, "Etihad Towers" көпфункционалды кешенінің иесі, "First Abu Dhabi Bank" акционері шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті.

Кездесуде Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыстағы сенімді серіктестерінің бірі екенін, сапар барысында Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласқандарын атап өтті.

Шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің «West Hydrocarbons Commercial Investment LLC» компаниясының Батыс Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытын салып жатқанын айтты. Алдағы уақытта да біздің елімізбен бірлесіп жұмыс істеуге, жаңа жобаларға инвестиция салуға ниет білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз