Қазақ ақыны кіл мықты ғалымдар енетін Еуропалық ғылыми академияға мүшелікке өтті

Ол – осы беделді ұйымдағы еліміздің алғашқы өкілі. Түрлі кезеңдерде 70-тей Нобель сыйлығының лауреаты Еуропалық академияға мүше болған.
Қазақстан ақыны Раушан Бүркітбаева-Нүкенова Еуропалық ғылым, өнер және әдебиет академиясының мүшесі болды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Ол – осы беделді ұйымдағы еліміздің алғашқы өкілі. Түрлі кезеңдерде 70-тей Нобель сыйлығының лауреаты Еуропалық академияға мүше болған.
Раушан Бүркітбаева-Нүкенованы әдебиетке қосқан үлесі үшін академиктер қатарына қосты. Өзінің айтуынша, ол дарынды аудармашы Атанас Ванчев де Трасимен бірлесіп шығарған туындыларымен көзге түсті.
Раушан Бүркітбаева-Нүкенова, ақын:
– Олар мені қазақ әдебиетінің бір маңызды бөлігі санайды. Бұл еліміздің азаматы ретінде үлкен абырой. Өйткені мен мәдениетіміз бен әдебиетімізді әлемге танытуға тырысып жатырмын.
Бөлісу
0
Толық оқу