Қытайдан пошта арқылы келетін тауарлардан қауіп бар ма?

finansist-club.com finansist-club.com
Қытай поштасы жіберілетін жөнелтілім заттарды міндетті түрде дезинфекциялайтынын айтты.

Қытайдан шығып жатқан короновирус поштадан алынатын заттармен берілмейді, деп хабарлайды zakon.kz AliExpress компаниясына сілтеме жасап.

Вирус жануарларда өміршең болғанымен заттарда ұзақ сақталмайды. Сондай-ақ AliExpress-пен тапсырыс берген затыңыз неғұрлым ұзақ уақыт жүрсе, соғұрлым жақсы.

AliExpress өкілдері:"Қытайдан жіберілген сәлемдемелер мүлдем қауіпсіз", - дейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да Қытаймен саудаға ешқандай шектеулер енгізген жоқ. Қытай поштасы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ухань қаласынан және жергілікті тапсырыс беру орталықтарынан жіберілетін жөнелтілім заттарды міндетті түрде дезинфекциялайтынын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз