Президентке "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының басшысы есеп берді

Ақорда Ақорда
Ғалымжан Пірматов Мемлекет басшысына уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Президент "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу кезінде Ғалымжан Пірматов Мемлекет басшысына уран өндіруші компанияның 2019 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары және оны дамытуға арналған алдағы жоспарлары туралы баяндады.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы ұжымдық басқару, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері компания жұмысының басым бағыты екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания өзінің өндірістік және қаржылық мақсаттарын табысты жүзеге асыруының арқасында әлемде уран сату бойынша қатарынан екінші жыл көшбасшылық орнын сақтап қалғаны жайында мәлімет берілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз