Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысы полиция қызметкерлері сыбайлас жемқорлықпен бірлесе күресуге шақырылды

Жамбыл облысы ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2020 03:08 Жамбыл облысы ПД
Кездесу тек полиция қызметкерлері ретінде ғана емес, ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-аналар ретінде де өткендігі хабарланды.

Жемқорлықпен күресте қоғам бірікпесе, іс өнбейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штабтың Жамбыл облысы полиция департаментінің жеке құрамымен өткен жиында айтылды, - деп хабарлайды zakon.kz.

Кездесуге Штаб басшысы Тұрсынзада, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі А.Бердалин, департамент жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қ.Төлендиев, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Төлебаев және Полиция департаменті басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Штаб жұмысына тоқталған Ырза Тұрсынзада, штабтың негізгі міндеттері халық арасында, құқық қорғау және мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жас буын арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру бойынша кең ақпарат тарату екендігін жеке құрамға жеткізді.

Сонымен қатар, шарада Агенттік тарапынан жүзеге асырылып отырған жобалар да айтылды. Аталған жобалармен таныстырған А.Бердалин, жаңадан құрылған Парасаттылық, Алдын алу, Серіктестік департаменттерінің атқаратын жұмыстарымен жиналғандарды хабардар етті. Сондай-ақ, ол білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатындағы "Sanaly urpaq", "Адал ұрпақ", сонымен қатар кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған "Protecting business and investments", жолдардың сапасын мониторингтеуге арналған "Сапалы жол" және тағы басқа жобаларға тоқталды.

Арман Бердалин "әр қазақ - менің жалғызым" демекші, әр адамға біз жанашырлықпен қарап, қазақтың "алдынан өту" деген дәстүр бойынша, алдымен алдынан өтейік, ескертейік деген ниетпен келіп отырғандықтарын жеткізді.

Кездесу соңында Полиция департаменті басшылығы жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған жұмыстармен таныстырып, қонақтарға алғыстарын жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2020 03:08

Сондай-ақ, жиында бүгінгі кездесу тек полиция қызметкерлері ретінде ғана кездесу емес, ұрпақ тәрбиелеп отырған ата-аналар ретінде де өткендігі хабарланып, қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе күресуге шақырылды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2020 03:08

Жиын барысында жемқорлыққа жол бермей, пара алудан бас тартқан полицей де марапатталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин қызметіне адалдық танытқан полицей Самат Алашовқа арнайы дипломмен, қаржылай 30 АЕК, яғни 79 мың теңге табыстады. Сондай -ақ, өз ісінің үздіктері департамент басшысының арнайы алғыс хатына ие болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2020 03:08

, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2020 03:08

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: