Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай аумағында Қазақстанның 780 азаматы жүр – СІМ

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2020 14:29 primeminister.kz
Таяуда Ухань қаласынан эвакуацияланған 83 отандасымыз карантинге жатқызылған еді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР аумағында коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың берген мәліметі бойынша, бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайлары тіркелмеген. ҚХР-мен мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жұмыстары жалғасуда, оның барысында осы жылдың 6 қаңтарынан бастап 21,8 мың адам қаралды.

"Осы жылдың 5 ақпанындағы жағдай бойынша 104 адам жоғары температурамен ауруханаға жатқызылды, олардың 71-і бүгінде ауруханадан шығарылған. Стационарларда 33 адам қалып отыр, барлығына коронавирусқа қатысты зерттеу жүргізілді – нәтижелері теріс", – деді Е. Біртанов.

Сондай-ақ таяуда Ухань қаласынан эвакуацияланған 83 отандасымыз карантинге жатқызылған еді. Зертханалық тексерулер елге оралғандардың бойында да коронавирустық инфекцияның жоқ екенін анықтады.

Өз кезегінде ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев қазіргі таңда ҚХР аумағында ҚР-ның 780 азаматы, оның ішінде 559 студенті жүргенін хабарлады. Қазақстанға жеткізу туралы 427 адам өтініш берген, қалғандары ҚХР-да қалуға ниет білдірген. Сыртқы саяси ведомство дипломатиялық арналар арқылы азаматтарымызды елге әкетуді ұйымдастыру мүмкіндігін пысықтап жатыр.

Осы жылдың 3 ақпанынан бастап ҚХР рейстеріне билеттері бар жолаушыларға авиабилеттерді сатып алу орны бойынша қайтару немесе қайта ресімдеу жүзеге асырылуда. Бұл жағдайда проблема жоқ, деп сендірді ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев.

Сондай-ақ комиссия отырысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ішкі істер вице-министрі А. Калайчиди, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ж. Бекшин, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары баяндады.

Кеңесті қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев коронавирустың пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша бірқатар нақты міндеттерді белгілеп, барлық қызметтердің жұмысты күшейтілген режимде жалғастыруы қажет екенін атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: