Жаңалықтар тізбегі
0

Сирияда Қазақстанның қанша азаматы жүр

Sputnik Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2019 18:37 Sputnik Казахстан
ҰКҚ департамент басшысының айтуына қарағанда, Сирияда қазіргі таңда 370-380-ге тарта Қазақстан азаматты әлі де бар.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев Сириядағы қақтығыс аумақтарында қанша Қазақстан азаматы жүргені туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Гуманитарлық операция бойынша Қазақстанда 6 ер адам, 11 әйел, 30 бала қайтарылды. Олардың кейбірін азаматтығынын айыру мәселесі турасында сұраққа келер болсақ, иә, біздің Президенттің бастамасымен бұл норма заңнамалық тұрғыда бекітілген болатын. Қазіргі таңда қақтығыс аймақтарынан келген азаматтарға қатысты бұл шара қарастырылып жатыр. Бәлкім, кейін сот шешімі бойынша жүзеге асуы да мүмкін. Бірақ, бұл ретте жағдайдың мүлде бөлек екенін айта кету керек. Бұл адамдар өздігімен елге оралуға ниет білдірген. Кінәлі деп танылғандар Қазақстанда жазаға тартылады. Кінәсіздер туралы әлбетте, шара қолдану қарастырылмайды», - деді Бақытбек Рахымбердиев.

ҰКҚ департамент басшысының айтуына қарағанда, Сирияда қазіргі таңда 370-380-ге тарта Қазақстан азаматты әлі де бар.

«Олардың басым көпшілігі әйелдер. Олармен бірге 400-500 кішкентай бала бар», - деді Бақытбек Рахымбердиев.

Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сириядан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бойынша гуманитарлық операцияға байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

Мемлекет басшысы атап өткендей, 6 қаңтарда құқық қорғау органдары мен Сыртқы істер министрлігі жүргізген гуманитарлық шара нәтижесінде Сириядан Қазақстанның 47 азаматы, соның ішінде 30 бала елге қайтарылды.

Сонымен бірге, бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев «Жусан» операциясынан кейін де қақтығыс аймақтарында жүрген қазақстандықтарды Отанына қайтару жұмыстары жалғасатынын мәлім еткен болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: