Төрт облыста жарықтың бірдей сөніп қалуының себебі белгілі болды

Pixabay Pixabay
Қазір электр тарату ісі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

9 ақпанда астана уақытымен сағат 20:00 шамасында жылдамдығы секундына 30 метрден асатын қатты боранның салдарынан жоғары кернеулі 500 кВ (ВЛ-500 кВ) "Солтүстік-Оңтүстік" транзиттік желі істен шықты. Бұл туралы KEGOC компаниясындағылар мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл өз кезегінде Қазақстанның Біртұтас энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) оңтүстік аймағын және Орталық Азияның Біртұтас энергетикалық жүйесін БЭЖ-ден бөлініп, ажырауына әкеліп соқты. Салдарынан Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында жарық болмай қалды.

20: 57-де ажырап қалған Қазақстанның оңтүстік аймағы мен Орталық Азияның Біртұтас энергетикалық жүйесі БЭЖ-ға параллель жолмен қосылды.

21: 27-де бүкіл шектеудің көзі жойылып, электр тарату ісі қалпына келтірілді, қуат жүйесі қалыпты жұмысына кірісті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз