Кабинетте пышақталған "Қазақмыс" бас директоры ауруханадан шықты

kokshetau.asia kokshetau.asia
Ол өзінің қызметтік міндеттеріне әлі кіріскен жоқ, үйінде демалуда.

"Қазақмыс" Медициналық орталығы" ЖШС-інің ақпаратынша, Амангелді Мініғұловтың денсаулығы оңалды. Денсаулығына қауіп жоқ, деп хабарлайды zakon.kz baigenews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол өзінің қызметтік міндеттеріне әлі кіріскен жоқ, үйінде демалуда.

Мініғұлов "Кәсіпқорған" кәсіподағы төрағасы марқұм Тоғызбай Тәжбенов жасаған шабуылдан кейін екі қылмыстық іс бойынша тергеушілерге куәлік беруде.

Кісі өлтіруге оқталу бабымен қозғалған іс бойынша Амангелді Мініғұлов жәбірленуші, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен ашылған іс бойынша ол куәгер.

21 қаңтарда "Кәсіпқорған" кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов қызметтік кеңседе өзара сөзге келген "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС бас директоры Амангелді Мініғұловты төбелес кезінде пышақпен жарақаттады.

Сондай-ақ, екеуіне ара түспек болған корпорацияның қызметкері Сабыржан Тембаев та кеуде тұсынан пышақ жарақатын алды. Осы жайттардан соң кәсіподақ қызметкері өз-өзіне қол жұмсады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз