Алты өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары тағайындалды

14 Ақпан 2020, 10:56
Сурет: polisia.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі мен ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің басшылары тағайындалды,- деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Алты облыста басшылар ауысты:

Ақтөбе облысы бойынша – әділет полковнигі Шамишев Алмас Әбжанұлы;

Алматы облысы бойынша-әділет полковнигі Әбдікәрімов Серік Жақсылықұлы;

Алматы қаласы бойынша-әділет полковнигі Қанатбеков Дархан Тұрсынұлы;

Батыс Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ізтілеуов Азамат Әбдіғалиұлы;

Қарағанды облысы бойынша-әділет полковнигі Тәкешев Ғазиз Әбікенұлы;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – әділет полковнигі Ахметжанов Рустан Серікұлы.

Тағайындалған басшылар бұрын облыстардағы ҚАЖД басшы лауазымдарын атқарған, пенитенциарлық жүйеде көпжылдық тәжірибесі бар екендігін атап өткен жөн.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?