Алматы облысында үш күнде құқық бұзған 600 жасөспірім анықталды

17 Ақпан 2020, 15:39
Сурет: otyrar.kz

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасы барысында 579 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде кәмілетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді пайдалануының 13дерегі бар, деп хабарлайды zakon.kz.

"13-15 ақпан аралығында полицейлер "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Аталған акцияның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы, сонымен қатар оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу",- деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы облысы полицейлерінің ақпаратына сәйкес жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 497 жасөспірімді жергілікті полиция бөлімшелеріне жеткізген. Олардың ішінде 400 дерегінде түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың жеке-дара жүргені анықталған. 13 жасөспірімнің алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені әшкере болды.

Алдын алу іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары облыс аумағындағы 900 жуық ойын-сауық орындарын тексерді. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 5 жасөспірім жеткізілген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?