Ақтөбеде бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

Жоғалған қыздар, Ақтөбе, бейімдеу орталығы, қашу, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2023 13:06 Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
8 желтоқсанда Ақтөбе қалалық полициясына "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі қоңырау шалып, көмек сұрады. Ол сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып, қашып кеткенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш оқушыны полиция жасағы мен волонтерлар іздестіріп жатыр. 

  • Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 жылы туылған. Белгілері: бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара. Үстіндегі киімі: кәпөшені бар қалың спорттық киім.
  • Тезекбаева Әмина Иманқұлова - 14.03.2006 жылы туылған. Белгілері: бойы 165 см, арық денелі, шашы қоңыр. Ерекше белгілері: сол жақ иығында меңі бар.
  • Дошанова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туылған. Үстіндегі киімі: сұр спорттық киім.

Полиция кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы білетін барлық адамнан "102" немесе 8 771 785 10 58 телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: